25 наурыздан бастап Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер елге 25 наурыздан кейін әкелінген құрылғыларға ғана қатысты. Бұған дейін Қазақстанда жұмыс істеп тұрған барлық мобильді телефон автоматты түрде «ақ тізімге» енгізіледі және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастыра береді.
Бизнеске және азаматтарға 25 мамырға дейін барлық құрылғыны https://kz-imei.kz порталы арқылы заңдастыру қажет.

Фото: gov.kz
Жаңа талаптарға сәйкес, елге алғашқы рет әкелінетін барлық мобильді құрылғы міндетті түрде GSMA халықаралық деректер базасында, сондай-ақ мемлекеттік салық және кедендік жүйелерде верификациядан өтуі тиіс.
Бұл құрылғының өндіруші мәлімдеген сипаттамаларға сәйкестігін, елге заңды жолмен әкелінгенін және растайтын құжаттардың болуын, сондай-ақ IMEI-кодтың жоғалған, ұрланған немесе бұғатталған құрылғылар базасында бар-жоғын тексереді.
Верификация статусын eGov Mobile мобильді қосымшасы, www.gov.kz сайттарында да тексеруге болады. Жаңа сервис Идентификациялық кодтар дерекқоры арқылы (ИКД) IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін анықтауға, сондай-ақ нақты құрылғыға байланған нөмірлердің санын білуге мүмкіндік береді.
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – бұл әр ұялы байланыс құрылғысына берілетін бірегей 15 таңбалы нөмір. Ол құрылғының өндірушісі, моделі және жасалған елі туралы ақпаратты қамтиды.
Егер код базада табылмаса, жүйе тексеріс жүргізіп, келесі ақпаратты көрсетеді: IMEI сәтті верификацияланған және Қазақстан Республикасында қолдануға болады немесе IMEI верификацияланбаған.
eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті пайдалану үшін пайдаланушы:
www.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:
imei.rfs.gov.kz порталында қызметті пайдалану үшін:
Бұдан бөлек, пайдаланушыларға ЖСН арқылы тексеру функциясы да қолжетімді. Ол арқылы өзЖСН-ына қанша мобильді нөмір тіркелгенін білуге болады. Сондай-ақ IMEI-код бойынша абонентті тексеру сервисі бар, ол белгілі бір құрылғыны қанша абоненттік нөмір қолданғаны жөнінде ақпарат береді.
zhaikpress.kz