22.05.2025, 15:00
Оқылды: 193

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітіне – 30 жыл 

1993 жылы мешіт құрылысы басталып, 1995 жылдың аяғында пайдалануға берілген болатын. 

image-22-05-25-12-53-8

Бүгін аудан жұртшылығы атаулы датаны атап өтуде. Таңғы тоғыздан бастап аудан жамағаты, ауданға қарасты 9 ауылдық округтің имамы аудандық мұсылмандар мешітіне жиналды. Шараға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев, мешіттің алғашқы имамдарының бірі Қажымұқан Ғилманов, мешіт құрылысына бастамашы болған қоғам қайраткері Самиғолла Оразов арнайы келді. Өмірден өткен жандарға Құран бағышталып, жиылғандар мешіт және оның жұмысымен танысты.

image-22-05-25-12-53-4

БҚО өкіл имамы Самат Қанатқалиұлы мен Қажымұқан Елтайұлы Жәнібек ауданының бас имамы Есенболат Абдуғалиевке атаулы датаға орай кәдесый табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Сол сияқты Талов ауылының имамы Ермек Аюпов та құр қол келмей, мешітке арналған сыйлығын ұсынды.

image-22-05-25-12-53-1

Ауданның батагөй қариясы Қабаш Жүнісов: «Мешіттің болашағы жарқын, қазағымыздың жүрегі иманға толы болсын»,- деп ақ батасын берді. Әрмен қарай облыстан келген меймандар мешіт ауласында естелік ретінде тал-терек отырғызып, киіз үйден бауырсақ пен ақтан ауыз тиді. 30 жылдыққа арналған шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты.

 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

image-22-05-25-12-53-3 image-22-05-25-12-53-5 image-22-05-25-12-53-6

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале