22.05.2025, 17:45
Оқылды: 309

Ақсай тұрғындарының ұсынысы – нақты іске айналуда

Қазіргі таңда мұнда жаңа заманға сай балалар ойын және воркаут алаңының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба — қала тұрғындарының бастамасы мен сұранысы негізінде жүзеге асырылып жатқан игі іс. Бұған дейін бұл аумақта су тасқынынан кейін қираған үйлер болған. Енді осы бос жатқан жер қала тұрғындарының демалысы мен балаларының ойыны үшін қайта жанданып отыр.

c58a2ec7ecd606ce8e71aabe491fac0a_1280x720
Жобаның басты мақсаты — балалар мен жастарға арналған қауіпсіз, ыңғайлы әрі дене белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін орта құру. Алаңның орналасуы — тұрғындар тығыз қоныстанған аумақта, сондықтан ол көптеген отбасы үшін қолжетімді және күнделікті қолдануға ыңғайлы болады.

52d2bd373f94dc6c5794027d943f3c83_1280x720
Жоба аясында бірнеше негізгі элементтер қарастырылған:
• Балаларға арналған ойын кешені — әртүрлі жас санатына арналған қауіпсіз әткеншектер, сырғанақтар, ойын құрылғылары.
• Ашық аспан астындағы воркаут аймағы — спортпен шұғылданғысы келетін жасөспірімдер мен ересектер үшін турник, брусья, швед қабырғасы секілді құралдар орнатылады.

ae697e1f6bce53fa4f31279936dd9741_1280x720
• Заманауи резеңке жабын — балалардың қауіпсіздігі үшін жұмсақ, тайғанақ емес материалдан жасалған арнайы жабын төселеді.
• Көлеңкелі демалыс орындары — ата-аналар мен үлкендер үшін орындықтар, көлеңке түсіретін шатырлар орнатылып, жайлы жағдай жасалады.

89ec8de724d48bd068ae0a717c519e9f_1280x720
Құрылыс жұмыстарын «Жалғас груп» ЖШС атты тәжірибелі мердігер компания жүзеге асыруда. Қазіргі таңда алаңды тегістеу, жабын дайындау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

c58a2ec7ecd606ce8e71aabe491fac0a_1280x720 (1)
Жобаның жалпы құны — 18 704 000 теңге. Қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінген.
Мұндай алаңның салынуы — тек инфрақұрылымды жақсарту емес, сонымен қатар, қоғамдағы белсенді өмір салтын насихаттау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.
Бұл бастама арқылы:
• Балалар өз уақытын қауіпсіз әрі қызықты өткізеді;
• Ата-аналар балаларын жақын маңда, бақылауда серуендетуге мүмкіндік алады;
• Жасөспірімдер спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанады.

fb153556c86bbf4832bf0f9daacdeecf_1280x720
Бұл жоба — Ақсайдың қаласының бүгінін жақсартып, болашағына үлес қосу жолындағы нақты қадам болмақ.

Бөрлі аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале