Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомство аралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыста мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, аудан әкімдіктері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының отырыстары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және ашықтығын арттыру мақсатында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Күн тәртібіне сәйкес, қашықтан мониторинг жүргізу және көрсетілетін қызметтердің сапасын онлайн бақылау тетіктері, Бәйтерек және Тасқала аудандарында қызмет көрсету сапасындағы өзекті мәселелері, әкімшілік кедергілерді азайту және проактивті форматтарды кеңейту мәселелері қаралды.
Кейбір қызметтердің кешіктіріліп көрсетілуі, халықтың хабардарлығының төмендігі және орындаушылардың даярлығы мәселелері нақты мысалдар арқылы талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Департамент басшысы Мұрат Байсалов отырысты аша отырып: «Бүгінде біз формалды бақылаудан нақты нәтижеге көшуіміз керек. Егер азамат қызметті уақытында ала алмаса, егер оған дұрыс бағыт көрсетілмесе — бұл үлкен мәселе. Сондықтан қызмет көрсету сапасын нақты жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті.
Кездесу қорытындысында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті