24.05.2025, 20:48
Оқылды: 275

Жаңақалада мектеп бітіру салтанатты іс-шарасы өтті

Бүгін Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында мектеп бітіргендеріне 10,20,30,40 жыл болған түлектер ортадан табылып, қошеметке бөленді.

photo-output

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, қонақтар таныстырылып өтті. Сөз алған аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы барша қауырсын қанатты жас түлектерге сәтті сапар тілеп, ақжарма лебізін білдірді.

Содан соң, биылғы оқу жылында түрлі байқауларда топ жарған шәкірттер мен олардың ата-аналарын және ұстаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Сондай-ақ, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зәуре Базарғалиқызы жүрекжарды тілегін жолдап, аталмыш білім ордасы еліміздегі үздік 100 мектептің қатарына енгені туралы қуанышты жаңалықты жеткізді. Содан соң, ҚР оқу-ағарту министрлі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың құттықтаухатын табыс етті.  Әрі қарай, ардагер ұстаз Жансалқам Рақымғалиқызы өлең шумақтарымен шәкірттерге құттықтау лебізін жолдап, «Алтын белгі» үміткері Бексұлтан Болат білім кілтін  «Жасұлан жасөспірімдер» ұйымның ұланбасы Айша Ермекқалиға табыс етті. Салтанатты жиынның ең әсерлі көрінісі де келіп жетті. Дос құрбыларымен қимастық сезімді айқындата түсетін вальс назарға ұсынылып, жас түлектер мектеп директоры Бегайым Төлеуғалиқызымен бірге ән шырқады. Осылайша 2024-2025 жылғы оқу жылы өз мәресіне жетті.

Барша түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтуді тілейміз.

Айта кету керек, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебін биыл 47 оқушы бітіруде. Оның біреуі «Алтын белгі», төртеуі «Үздік аттестат» үміткері. Сондай-ақ барлығы 175 оқу озаты бар.

Ақерке Мәлікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале