26.05.2025, 11:00
Оқылды: 245

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті: назарда – тәртіп пен қызметтік мәдениет

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және қоғам сенімін нығайту мақсатындағы консультативтік-кеңесші орган – Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 18.02.14 (1)

Кеңестің отырысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы, қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибені талдау нәтижелері қаралды.

Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров аудан аумағындағы ахуал бойынша баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті және жергілікті деңгейдегі бірқатар сын-тегеуріндерді атап өтті.

Кеңесте сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің облыстық департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А. Мұқанованың есебі тыңдалды.

Кеңестің мүшелері өз сөздерінде құрметке, адалдық пен әділеттілікке негізделген ұжымдық мәдениет қалыптастырудың және қоғаммен тұрақты диалог орнатудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, оларды іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.

Соған қоса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерді жасау фактісі бойынша Қаратөбе ауданының лауазымды тұлғаласына қатысты тәртіптік іс материалдар қаралып, Кеңеспен тиісті тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданды.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале