26.05.2025, 12:30
Оқылды: 290

Өскеменде «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі басталды

Бүгін Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошерудің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жазды. 

 

115f0676-7d1c-4efb-884f-ad8a1387e632
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт саласының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Аталған велошеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысуда. Іс-шара жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

5305762251564773794

Сурет: telegram.org

Шеру бағыты еліміздің сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары. Велошеру 8 маусымда мәресіне жетеді деп жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале