27.05.2025, 10:45
Оқылды: 568

Жұртшылықтың жадында қалған байқау

Жуырда Шыңғырлаудың ел алыс мекені Алмаз ауылында «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітап оқу байқауы ұйымдастырылды.

499689431_1775285733022066_2995703706216863844_n

Байқау ауыл әкімінің, ауыл жастарының қолдауымен Алмаз ауыл кітапханасының, «Зерек» орталығының және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың мақсаты – қоғам қайраткері, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен шығармашылығы арқылы жастардың рухани-мәдени танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру және кітап оқуға деген қызығушылығын ояту болып табылады.

Шара барысында «Мәдениетке – жан, тарихқа – тыныс берген тұлға» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Өзбекәлі Жәнібектің кітаптары қойылып, шолу жасалды. Сонымен қатар Алмаз ауылының мақтаныштары суырып салма жыршы Көшелек Еламанұлы мен ҚР әншісі, термеші Қалампыр Рахымқызы туралы «Тарихпен тілдесу» атты мектеп музей мұраларынан көрме ұйымдастырылды.

«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітап оқу байқауы аясында ауыл әкімдері, мектеп директорлары және түрлі сала мамандары ұлттық руханиятты қолдау мақсатында кітап оқып, байқауға белсенді түрде қатысты.

Шараның арнайы қонағы – ҚР мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық жыр-терме байқауларының лауреаты, жыршы әрі термеші Фархат Оразов болды.

Байқау қонақтары мен қатысушылары Фархат Оразовтың орындауындағы жырды тыңдады. Сонымен қатар, Бақытгүл мен Бағдагүл Ырысқалиевалар «Ақерке – Ақжайық» әнін орындап, мектеп оқушылары көрермендерге «Текемет» биін тарту етті.

Шара барысында «Зерек» оқу орталығының жетекшісі Манарбек Сайынұлына, демеушілік жасаған ауыл жастарына, ауыл әкімі Самат Абылайұлына, кітапхананың тұрақты демеушілері Дастан Ульяровқа, Толқын Успановаға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.

Байқау жеңімпаздары: I орын иегері – Сайра Жазықпаева, II орын иегері –Назерке Галимова, III орын иегері  - Бақытгүл Рысқали тиісінше қаржылай мараптақа ие болды.

Сонымен қатар байқауға келген 10 қатысушы 3000 теңгелік сертификатқа ие болып,  белсенді қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.

Мәдени мұраны насихаттайтын бұл байқау – тек оқу емес, ой бөлісетін, ұрпаққа өнеге болатын алаңға айналды.

                                                                                              Гүлназ Мұқан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале