27.05.2025, 13:00
Оқылды: 210

Газет ұжымын мерейтоймен құттықтады

17 мамыр — Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны жарыққа шыққан күн. Яғни, ауданның төл басылымның туған күні. Биыл ауданның жылнамасын жинақтаған аудандық газетке 95 жыл толуда. 1930 жылы «Төңкеріс жолы» атауымен оқырманға жол тартқан басылым бүгінде «Ауыл айнасы» атымен көпке танымал.

IMG_20250527_103202

Алғаш болып газет ұжымын құттықтаған «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Ілиясов болды. Ернар Аққалиұлы редакцияға арнайы келіп, журналистермен кездесті.
Атқарушы хатшы ұжымды 95 жылдық мерейтоймен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.
Газет редакторы Қайрат Жақып ауданымыз үшін маңызы бар атаулы датаны ескеріп, қолдау көрсеткен Ернар Аққалиұлына ұжым атынан алғыс білдірді.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале