27.05.2025, 14:45
Оқылды: 191

КПО: мұнай-газ көшбасшысы не іздейді?

Ірі компаниялардың жергілікті қамтуды дамытуы – елдегі экономикалық өсудің негізгі драйвері. Бұл – жай ғана бизнестегі «патриотизм» емес, компанияның да, жалпы елдің де ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған стратегиялық инвестиция. Бұндай өзара тиімді модельде барлығы ұтады: яғни бизнес - шығындар мен тұрақтылықты төмендету арқылы, мемлекет – экономиканың өсуі есебінен, ал халық – жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер есебінен.

КПО фото 002

Әлемдегі ірі газконденсат кен орындарының бірі – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг б. в.» (КПО) компаниясы осы бағытта қызмет атқарып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу арқылы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бағдарламасын белсенді жүзеге асыруды жалғастыруда. Компанияның бас директоры Марко Марсили бастамасымен делегацияның Астанадағы өнеркәсіп мекемелеріне жасаған сапары – осы бағыттағы кезекті қадам болды.

КПО өкілдері Астана индустриялық паркінің аумағында жұмыс істейтін компаниялардың, оның ішінде жарықдиодты өнімдер, лак-бояу материалдары, құбырлар, трансформаторлық қосалқы стансаларға арналған жиынтықтауыштар, арнайы киім және жеке қорғаныс құралдарын өндірушілердің жұмысымен танысты. ҚР Энергетика министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, PSA ЖШС және Машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың (IMBC) қолдауымен өткізілді.

САПА  МЕН  СЕНІМ

– Жергілікті қамтуды дамыту – КПО-ның басты мақсаттарының бірі, – деп атап өтті компанияның бас директоры Марко Марсили. – 2021 жылдан бері қазақстандық тауарларды сатып алу көлемін екі есеге арттырдық. 2024 жылы барлық тауардың 18%-ы отандық өндірушілерден сатып алынды бұл – тарихи максимум. Біз осы көрсеткішті одан әрі ұлғайтып, жергілікті бизнес үшін мүмкіндіктер жасауға ниеттіміз.

КПО өкілдері компанияның жеткізілім тізбегіне ену үшін қажетті талаптарды атап өтті: шығу тегі расталған сертификаттарының, (СТ KZ), Қазақстан аумағында нақты өндірістің болуы сапа көрсеткішін қадағалауы және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға дайын болуы тиіс.

ЖЕРГІЛІКТІ  ТАПСЫРЫС – ТҰРАҚТЫ  ӨСУДІҢ  НЕГІЗІ

КПО бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеевтің айтуынша, 10 жыл ішінде компания тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін 30%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жұмыстар мен қызметтер саласында қазақстандық қамту үлесі 60%-дан асады.

КПО фото 001

– Жергіліктендіру деңгейі неғұрлым жоғары болса, экономикамыз соғұрлым тұрақты болады, – деді ол. – Біз үшін қазақстандық контрагенттен тауар сатып алу ғана емес, ел ішінде толық өндірісті қамтамасыз ету маңызды. Бұл жұмыс орындарының құрылуын, бюджетке салық аударымдарын, технологиялардың трансфері мен құзыреттіліктің өсуін білдіреді.

ИМПОРТТЫ АЛМАСТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Отандық қамту үлесін арттыру – инвестордың мемлекет алдындағы міндеттемесі ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуді ынталандырудың тиімді тетігі. Мұнай-газ саласындағы импортты алмастыру өнеркәсіптік кластерлерді дамытудан және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудан бастап сыртқы конъюнктураға тәуелділікті төмендетуге дейін мультипликативті әсер береді.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов атап өткендей, басты міндет – қазақстандық кәсіпорындар үшін табысты өндірісті кеңейтуді және технологияларды жаңғыртуды қайта инвестициялау үшін тапсырыстардың тұрақты көлемін қамтамасыз ету.

– Жыл сайын индустриалды паркте 10-15 жаңа өндіріс іске қосылады. Біздің міндетіміз – елдің өнеркәсіптік базасын бірге дамыту үшін оларды КПО сияқты ірі ойыншылармен байланыстыру, – деп атап өтті ол.

ӨНДІРІС КҮШЕЙЕ ТҮСУДЕ

Көрмеде ұсынылған кәсіпорындар халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуге дайын екендерін көрсетті. Мысалы, жарықдиодты өнім өндірушісі 2024 жылы өндіріс желісін толық аутоматтандыру туралы хабарлады, бұл сапа тұрақтылығын да, өндіріс көлемін де арттырды. Басқа компаниялар КПО сияқты компаниялардың жеткізу тізбегіне қатысу арқылы, экспорттық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен стандарттарға қол жеткізіп отырғандарын атап өтті.

АЙМАҚТЫҚ САПАРЛАР ЖАЛҒАСАДЫ

Ағымдағы стратегия шеңберінде КПО өңірлік сапарларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін делегация Орал, Павлодар және Қарағандыдағы кәсіпорындарда болды. Мақсат – отандық жеткізушілер пулын кеңейту және тұрақты серіктестік құру.

– Қазақстанның зор әлеуеті бар деп санаймыз. Ал бизнестің міндеті – оны ашу, өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсету, – деп ой қорытындылады Марко Марсили.

 

Нұргүл Батырханова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале