27.05.2025, 15:00
Оқылды: 318

Индустриялық аймақ – экономикалық өсім кепілі

Облыста «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы» индустриялық аймағына инфрақұрылым тартылуда. Оның мақсаты – экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қолайлы орта құру.

b77c4483d650156331fe6fc5a4fcc55b_1280x720

Сурет: gov.kz

– Жобаның 1-кезеңінде 13 шақырым жоғары қысымды газ құбыры және 500 метр 110 КВ электр желісі тартылды. Алайда индустриялық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша қиындықтар туындауда. Жобаның 1-кезеңін аяқтау үшін (110 кВ әуе желісі – 3,93 км, 220/110/10 кВ тораптық қосалқы стансасы, газ құбыры (ішінара) республикалық бюджеттен 820,7 млн теңге бөлу қажет. Бүгінгі таңда индустриялық аймақ аумағында қуаттылығы сағатына 240 тонна асфальтбетон зауытын салу жобасы іске асырылуда. Ауданы 50 га жер учаскесі бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын, жобаны биыл іске қосу жоспарланған. Жобаның 2-кезеңі  аясында қуаттылығы 4 мың тонна битум қоймасын салу жоспарланған. Ол үшін 388 млн теңге жұмсалмақ, – делінген облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы берген мәліметте.

Индустриялық аймақ құру барысында басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарланған:

– «Газобетоннан кірпіш өндірісі бойынша зауыт құрылысы» («ХимМашСтрой-Сервис»  ЖШС). Жобаның қуаттылығы – жылына  182,5 мың текше метр газобетон кірпіш өндіру;

– Резеңке техникалық бұйымдар мен пластмассаларды қайта өңдеу («Карабалин» ЖК). Қуаттылығы – тәулігіне 10 тонна.

Индустриялық аймақ аумағында жаңа өндірістер құруға мүдделі басқа да әлеуетті инвесторлар бар. Сонымен қатар жобаның 2-кезеңінде ішкі инженерлік желілер мен коммуникацияларды (электрмен, сумен және газбен жабдықтау, ішкі аутожол) жүргізуге 6 млрд теңге қажет. Осы 2-кезең бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған. Алайда күні бүгінге дейін инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесі шешімін таппай келеді. Кәсіпкерлік басқармасындағылар индустриялық аймақ өңірдегі экономикалық жағдайды жақсартуға, өнеркәсіп көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасын ұлғайтуға, импортты алмастыруға, экспорт­ты кеңейтуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететінін айтады.

Ясипа Рабаева,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале