Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сурет: istockphoto.com
Кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қандай мерекелер пайда болады
Алты жаңа кәсіби мерекені бекіту ұсынылып отыр:
• Қазақстан кәсіпкерлері күні;
• Қазақстан шеберлері күні;
• Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
• Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
• Кадр қызметі қызметкерлерінің күні;
• Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.
Сонымен қатар құжатқа сәйкес, Энергетик күнін атап өту мерзімін өзгерту ұсынылған, атаулы күнді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға ауыстыру көзделіп отыр.