Warning: session_start(): open(/tmp/sess_rfumfgtqol6fs94ppk8df6gqh4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Маусым айынан бастап Қарағандыдан Астанаға дейін электр пойызы жүре бастайды - официальные новости ЗКО
29.05.2025, 12:45
Просмотры: 192

Маусым айынан бастап Қарағандыдан Астанаға дейін электр пойызы жүре бастайды

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Балқаш – Алматы бағыты бойынша тұрақты пойыз қатынауда. Қаңтар айынан бастап Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша жаңа вагондардан құралған жедел электр пойызы іске қосылды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат.

970f488a-66b3-4d56-9b0c-d9fd2ebb13f8

«Осыған ұқсас жаңа электр пойызы маусым айынан бастап Қарағанды – Астана бағыты бойынша жолға шығады. Бұған қоса, қыркүйек айында Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша үшінші электр пойызы іске қосылады», - деді Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап 7 маусымға дейін Қазақстан Республикасында Қытай туризм жылы аясында ұйымдастырылған Сиань – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы іске қосылады. Сондай-ақ Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара бағыты бойынша «Jibek joly» және «Keruen Express» туристік пойыздары іске қосылды.

«2024 жылдың қараша айынан бастап бұл пойыздар 5 сапар жасады. Туристік агенттіктердің өтініштері бойынша бұл пойыздардың қатынауы әрі қарай жалғастырылады», - деді спикер.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале