29.05.2025, 21:00
Оқылды: 547

Қаратөбе ауданында саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр – саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітілген болатын.

IMG_0807

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында ұлт зиялылары мен қайраткерлері болды. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысындағы «Алжир» лагерінде азапталды. Зұлмат жылдары халқымыз бастан кешкен азалы кезең бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде.

IMG_0830

Бүгін, Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде дәл осындай атаумен 31 - мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара ұйымдастырылды.
​Ең әуелі іс-шараға қатысушылар Алаш тақтасына гүл шоқтарын қойып, Қазақ елінің бостандығы үшін жан қиған Алаш қайраткерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Музейде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған Алаш зиялыларына арналған кітап көрмесімен танысты.
Іс-шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан: «Бүгін біз тәуелсіз еліміздің ең бір тағылымды, ең бір тарихи ауыр кезеңін еске алуға жиналып отырмыз. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сол зұлмат заманда мыңдаған жазықсыз жандар саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. Олар - елінің ертеңі үшін арманын, үмітін арнаған зиялылар, еңбек адамдары, Алашатың ардақты азаматтары еді. Біз олардың рухына тағзым етіп, жүрегімізде мәңгі сақтауға тиіспіз.

IMG_0812
​Ашық аспан астындағы тату-тәтті өміріміз сол боздақтардың қанымен келгенін әсте ұмытпай ұрпақ жадына сіңіре білуіміз керек. Тарихы мен тегін білген ұрпақ тәрбиелесек қана сол арыстарымыздың аманатын арқалаған боламыз. Тарихтан тағылым алып, әділетті қоғам құру – бәріміздің қасиетті борышымыз» - деді Жасұлан Карелұлы.
Айтулы іс-шарада Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Заманбек Темірболатұлының «1930-1950 жылдары: Тарихтың қаралы беттері» және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Нұржамал Сарсенқызының «Алаш арысын ұлықтау – ұрпақ парызы» - атты баяндамалары тыңдалды.

IMG_0827

​Сондай-ақ, іс-шара барысында Батыс Қаазақстан облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиев, «Ағайын» қазақ ұлттық мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Биғалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдары білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Тұрар Шайхиев, Батыс Қазақстан облысының ақсақалдар кеңесінің мүшесі Амантай Макаров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мәулен Қожахметов сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

IMG_0859
Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының, «Перне» тобының сүйемелдеуімен А.Исмагулованың орындауындағы «Сезім сыры» , С.Байтеміровтың орындауындағы «Еске алу» әндері іс-шараға қатысушылардың қошеметіне бөленді.

Ерболат Мырзағұлұлы
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале