
Оқиға 30 мамырда түнде Бөрлі ауданында болған. Қолына бензопила ұстаған ер адам көліктер мен адамдарға шабуыл жасаған.
- 2025 жылдың 30 мамырында сағат 00:30-да Бөрлі ауданының полиция бөліміне "102" пульті арқылы қоңырау түсті. Телефон соққан адам "Нефтэк" жанар-жағармай станциясы аумағында бензопиламен белгісіз адамның агрессивті әрекет жасап, көлік құралдары мен адамдарға шабуыл жасағаны туралы шағым тастады», – делінген полиция хабарламасында.
Аудандық полиция бөлімі мәлімдегендей, қазіргі таңда тұрғындарға шабуыл жасаған 36 жастағы ер адам ұсталды.
- Қабылданған қауіпсіздік шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 1989 жылы туған Т. есімді азаматты ұстады. Қазіргі таңда ол Уақытша бейімделу және детоксикациялау орталығына орналастырылды. БҚО бойынша психикалық денсаулық орталығына орналастыру мәселесі қаралуда», – деп ақпарат таратты аудандық полиция бөлімі.