30.05.2025, 15:30
Оқылды: 188

«Бар мейіріміміз балаларға»

Бүгін осындай атаумен 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығының ұйымдастырумен ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті.

image-30-05-25-11-37-1

Ашылу салтанатында аталған бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Серік Жұмағали мерекелік шараға жиналған бүлдіршіндерге өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді.

image-30-05-25-11-37-2

Шара барысында Аяжан Марс «Көңілді күн» әнін шырқаса, аудандық саз мектебінің оқытушысы Наргиза Касумова «Шаттанамын» күйін күмбірлетті, «Ақмаржан» халықтық би ансамблі «Балалар» биін биледі. Әрмен қарай мерекенің көркін қыздырған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері «Ормандағы оқиға» атты ертегідегі аю мен түлкі рөлін сомдап, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.

image-30-05-25-11-37-3

Мерекелік шара барысында жиналған ата-аналар мен балалар бірге би билеп, ән шырқап, әртүрлі ойындар ойнады. Шара Асылан Боранбаевтың орындауында «Қуанышты күн» әнімен қортындыланды. Кеш соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шарада ерекше балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Бану Самат 

Жәнібек ауданы

image-30-05-25-11-37-2 image-30-05-25-11-37-4 image-30-05-25-11-37-5 image-30-05-25-11-37

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале