Бүгін Бөкей ордасы ауданының аға буыны бастап, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары «Қару аманаты» саябағында бас қосып, ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Бір минут үнсіздіктен кейін аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов пен еңбек ардагері Жасқайрат Сұлтанғалиевтер бастаған қауым ескерткіштерге гүлшоқтарын қойып, қолдан жасалған қасірет құрбандарының рухына тағзым етті.

Естеріңізге сала кетсек, 1997 жылдан бері 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.



Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы