Волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасында Теректі ауданы әкімі кубогы ойындары басталды. Мемлекеттік қызметтің абыройы мен ұйымшылдығын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Теректі ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында аудан әкімінің кубогіне арналған волейбол турнирі өтуде.

Турнирге облыс, қала және аудан әкімдіктері командалары қатысуда. Бұл дода мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

Шараның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, БҚО волейбол федерациясының Президенті Т.Каюпов, Теректі ауданының әкімі Ә.Мұханбетжанова қатысып жарысқа қатысушыларғу сәттілік тіледі.



Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі