1.06.2025, 9:00
Оқылды: 176

Балалық шақ қуанышы – әскери бөлімде

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG_3327
Мерекелік жиынға бөлімше қызметкерлерінің балалары мен олардың ата-аналары қатысып, шаттыққа толы бір күнді артта қалдырды. Іс-шара аясында бүлдіршіндерге әскери бөлімнің тыныс-тіршілігі таныстырылып, заманауи қару-жарақ үлгілері мен әскери техника көрсетілді.

Шара барысында театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жас көрермендер сарбаздардың өнеріне куә болды. Сонымен қатар, балдырғандарға арналған түрлі спорттық ойындар мен шығармашылық байқаулар өтті. «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салған кішкентай өнерпаздар өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

IMG_3328

Балалар мен ата-аналардың көңіл күйін көтеріп, ерекше әсер қалдырған тосынсый – Халық банкі АҚ-ның қолдауымен таратылған балмұздақ пен салқын сусындар болды.

IMG_3329
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас буынның бойында патриоттық рухты оятып, Отан қорғаушы сарбаздардың қызметіне деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале