1.06.2025, 23:47
Оқылды: 209

Казталов ауданында Балалар мерекесі ерекше аталып өтті

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

IMG20250601200637
Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірлерінде аталып өтуде.

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында балаларға арналған мәдени-көпшілік шара өтті. Саябақ іші сәбилер күлкісіне толып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама, балалардың асфальтқа сурет салу байқауын, ләңгі тебу, асық ату, күш сынасу секілді ұлттық спорт түрлерін өткізді.

IMG20250601202406
Мерекелік шараға балалар мен ата-аналар көп жиналды. Сахна төріне Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев көтеріліп, бүлдіршіндерді Халықаралық балалар күнімен құттықтады.
— Құрметті балғын бүлдіршіндер! Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам. Сіздерге ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілеймін.
Әр уақытта аспандарын ашық, дендерін сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!
Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" демекші, балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша бүлдіршіндерді құттықтаймыз!
Елдің ертеңі болар жастарымыз бен балаларымыз! Сондықтан да балақайларымыздың ғұмыры жарқын болғай! - деп түйіндеді сөзін Серік Ерболатұлы.

IMG20250601202308

Мерекелік шарада аудандық балалар музыка мектебінің өнерпаздары, «Қарлығаш», «Шаттық» биансамбльдерінің орта және кіші топтары, «Нұрбалапан», «Ақбота», «Жадыра» балабақшаларының бүлдіршіндері, ауылдық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары мен аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің шәкірттері өз өнерлерін жұртшылыққа паш етті.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале