2.06.2025, 11:30
Оқылды: 143

Қазақстан ТЖМ қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша жарыстың екінші күнінде Қазақстан ТЖМ қызметкерлері тамаша нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада жүлделі орындарға ие болды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

WhatsApp Image 2025-06-02 at 12.14.05

Сурет. gov.kz

 

Мария Чеботарева - алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Ол жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігерді және жауынгерлік рухты айқын көрсетті. Аружан Биркинбаева мен Томирис Жүсіпова күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан әйелдер құрамасының жоғары деңгейін дәлелдеді. Сонымен қатар Сергей Уолтер мен Владимир Демьянов «Өзін-өзі қорғау» дисциплинасы бойынша әлем чемпионы атанды. Қазақстан ТЖМ қызметкерлері тарихта тұңғыш рет қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанғаны жеңіске ерекше мән береді. Бұл жай ғана спорттық жетістік емес, бұл құтқарушылардың кәсіби және дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік. Бұл жетістік ведомствоның жүйелі қолдауының, спортшылардың табандылығының және тұрақты дамуға ұмтылысының арқасында мүмкін болды. Әлемдік аренадағы жеңіс министрліктің имиджін нығайтып қана қоймай, қызметкерлердің жаңа буынын шабыттандырады. Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезіне алдыңғы қатарда тұратын қорғаушылар ғана емес, сондай-ақ спорттық аренадағы еліміздің лайықты өкілдері.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале