Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде, - деп жазады Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі.

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 31 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау-Баку бағыты бойынша A320 және A321 ұшақтарымен тікелей рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.
Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыдан Майндағы Франкфурт қаласына тікелей рейстерді жүзеге асыруда. Рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR ұшағымен орындалады.
Әзербайжан және Германия елдеріне әуе қатынасының ашылуы бұл мемлекеттермен сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал етпек.