2.06.2025, 19:00
Оқылды: 285

Талдықұдықта жылыжай нысаны пайдалануға берілді

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінен кейін Сүлеймен Есетов атындағы мектеп-бөбекжай кешенінде 1995 жылы мектеп бітірген түлектердің демеушілігімен мектеп-бөбекжай кешені жанынан жылыжай нысаны пайдалануға берілді.

IMG_7893

Жылыжайдың салтанатты ашылуы рәсімінде сөз сөйлеген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева білім ордасы үшін жылыжайдың алар орны ерекше екенін және оны қолға алудағы басты мақсат – оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруды, еңбекке баулуды, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етуді көздейтінін атап өтті.
Жиында сөз алған ауылдың ардагер тұрғыны Елемес Салахиұлы жылыжайда көкөніс өсіруді зерттеу арқылы ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу керек екенін баса айтты. Осынау мән-мағынасы зор аталмыш шара барысында экологиялық бағытта бірнеше рет облыстық байқаулар жеңімпазы атанған мектеп-бөбекжай кешенінің белсенді оқушылары мәртебелі меймандарға түрлі ғылыми жобаларын таныстырып, көпшіліктің назарын өздеріне аударды.

IMG_7904
Шара соңында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Рая Ғабдрахимқызы мен ардагер ұстаз Марат Мұрадымұлы жылыжай нысанның салтанатты лента қию рәсімін жүзеге асырды.

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале