3.06.2025, 9:00
Оқылды: 474

Бөкей ордасы ауданында өткен жиында өзекті мәселелер қаралып, жауаптылар жаза алды

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен лездеме өтті. Тиісті мекеме басшылары, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен бұл жиында бір емес, бірнеше мәселе қаралды.

IMG20250602151927
Алдымен аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Кадимов алдағы ұлттық ауылшаруашылық санағына дайындық барысы туралы хабарлама жасады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1-31тамызы аралығында ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер онлайн форматта санақтан өтеді.
-Оған дейін ауыл шаруашылық техникаларының есебі жинақталып, электронды ауылшаруашылық кітаптары толтырып, АР кодтары енгізілуі қажет. Бұған ветеринария, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімдері, ауылдық округтерінің мамандары бірлесіп, ыждағаттылықпен жұмыстануы керек, -дейді Тілеген Кадимов.

IMG20250602152006
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисенов жылыту маусымына дайындық туралы баяндап, аудан бойынша 88 нысанның жай-күйіне жекелей тоқталды. Бөрлі ауылдық округіне қарасты Тереңқұдық елді мекеніндегі мәдениет үйін жылыту маусымына дайындауға нысанның толық құжаты жоқтығы кедергі туындап отыр екен. Бұл тек Тереңқұдыққа ғана емес, бірнеше нысанға тән мәселе.
Бұдан кейін сөз алған Сайын ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Абдоллин мен Орда ауылдық округінің әкімі Әлібек Айтқалиевтер ауылды абаттандыру және ауыл тазалығы бойынша сөз алды. Әкімдер есебінен кейін монитордан рейд нәтижелері, яғни ауылдың фотосуреттері көрсетілді. 14 сәуірде және 31 мамырда түсірілген суреттер көрсетілді. Айтарлықтай өзгеріс жоқ, яғни көшедегі үйінді, төбе боп жиналған қоқыс-қалдық, қаулай өскен сол шөп.

IMG20250602152001
Аудан басшысы округ әкімдерінің мәліметі көңіл көншітпейтінін айтып, округ әкімі аппаратындағы абаттандыру және ауыл тазалығына жауапты мамандарға сөгіс берілуін, көрсетілген жайттар бойынша шұғыл шара қабылдауды талап етті.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале