2.06.2025, 20:00
Оқылды: 372

Казталовта балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Казталов ауданына қарасты Талдықұдық ауылындағы Сүлеймен Есетов атындағы мектеп-бөбекжай кешенінің тәрбиеленушілері мен оқушылары «Балалық – бал дәурен» тақырыбында балаларға арналған іс-шара өткізіп, оған білім ордасының оқушылары қатысты.

IMG-20250602-WA0069

Мерекелік шара барысында мектеп-бөбекжай кешенінің директоры Кеңес Жұмағалиев пен округ әкімі Эльдар Аманғалиев сөз сөйлеп, Талдықұдық ауылдық аналар Кеңесінің төрайымы Айсұлу Иманғалиева балаларды төл мерекелерімен құттықтады. Айтулы мерекені ұйымдастырушылар балаларға арнап түрлі билер мен ән шашулар, қызықты ойындар өткізді.

photo-output

Мереке барысында ауыл демеушілері тарапынан балаларға балмұздақтар тегін таратылып, секіріп ойнауға арналған «Батут» қондырғысы да орнатылды.

IMG-20250602-WA0073
Одан кейін мерекелік бағдарлама спорттық шараларға жалғасып, «Лақ көтеру», қыздар арасында жүгіру, велосипед жарысы, арқан тартыс ойындарына кезек беріліп, нәтижесінде «Лақ көтеруден» ең көп ұпай жинаған Әли Әскеров пен Омар Мұзаппар көтерген лақтарын қанжығаларына байласа, өзге ойын түрлерінен жүлделі орын алған оқушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мерекелік іс-шара өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, ауыл балалары үйлеріне қуанышты жағдайда тарқасты.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале