3.06.2025, 10:15
Оқылды: 383

Теректіде балық шаруашылығы дамып келеді

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округінің аумағындағы «BARBASTAU RIVER» балық шаруашылығына барды.

image-03-06-25-09-28-1

Аталмыш компания 2024 жылы құрылған. Форель және тұқыбалықты (карп) ашық су айдыны және тоғанда өсіруді қолға алған балық шаруашылығының жетекшісі Берік Пушкин облыс әкімі Нариман Төреғалиұлына алдағы жоспарларымен бөлісіп, қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарының бірқатарымен таныстырып өтті.

image-03-06-25-09-28-2

Барбастау өзенінің бойынан ашылған балық шаруашылығы жобасының қуаттылығы - 6,2 тонна балық алу көзделген. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтуда. Орташа жалақы - 90-100 мың теңгені құрайды. Мемлекет тарапынан алған қолдауларды атап өтер болсақ, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы кооператив ретінде 18,5 млн. теңге несие алды.

image-03-06-25-09-28-3

Барбастау өзенінің маңында 50 га жер жалға алынып, өзенінің бір бөлігі конкурс аясында сенімгерлік басқаруға берілді. Облыс басшысы жұмыс сапары барысында балық шаруашылығымен айналысып отырған кәсіп иелеріне шаруаларын әріқарай дамытып, халықтың сұранысын арттыруды тапсырды.

Т.Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале