3.06.2025, 12:00
Оқылды: 153

Маусымда күн қандай болады? Қазгидромет болжам жариялады

Солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз күн күтіледі. «Қазгидромет» болжам жариялады.

жп орал, торговый дом, улица4

- Жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Күндіз солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде күшті жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.

Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады. Түнде 10-17 градустан 8-15 градусқа дейін, күндіз 25-30-дан 18-23 градус дейін.

Шығыста ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 7-18-ден 9-20 градусқа дейін, күндіз 22-33-тен 24-35 градусқа дейін.

Оңтүстік-шығыста да аздап көтерілуі мүмкін: түнде 5-15-тен 7-17 градусқа дейін, күндіз 22-30-дан 25-35 градусқа дейін.

Оңтүстік өңірлерде күндіз қатты ыстық күтіледі. Температура 40-42 градусқа дейін көтеріледі, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале