Жайық бойын жайлаған халық мұздың жұқалығына қарамай, паромның тартылып тұрған сымтемірін ұстап, өзеннің келесі бетіне өтіп шығуға тәуекел жасауда. Ақжайық ауданындағы №6 жедел құтқару жасағы және төтенше жағдайлар бөлімі аудан орталығы – Чапаев тұсында Жайық өзенінде бірлесе кезекшілік жасауда.
Бұл кезекшілікті көбіне жоспардан тыс, күн тәртібінде көзделмеген сағатта да өткізуге тура келіп отыр. Кезекшілер бүгін таңертең екі сағат ішінде жұқа мұздың үстімен өткісі келген 3 адамды тоқтатты.
Қазір өзеннің екі жағалауында өткен күндердегі жауыннан соң су шылқып жатыр. Кезекшілік барысында автокөліктер иелеріне де мұздың жұқалығы ескертілуде. Жайықтың біраз жерінен жылым байқалуда.
Бекем Бекұлы
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz