Жаңақала аудандық кітапханада 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздік символы» атты патриоттық кеш өтті.
Кештің шымылдығын шара жүргізушісі Ақерке Әділбекқызы ашса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еслямғалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы барша қонақтарды атаулы мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ранилұы,«AMANAT» партиясының Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қуаныш Серікұлы, Жаңақала аудандық сот Әкімшісінің басшысы міндетін атқарушы Сағыныш Жүсіпкерейқызы, Жаңақала ауданы полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Ердаулет Өтегенұлы рәміздер күніне орай өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар аудандық кітапхана жанынан құрылған «Тыңда жүрек» үйірмесінің мүшелері: Айнара Асқар, Диляра Серікова, Даяна Қуаныш рухты өлеңдерді мәнерлеп оқыса, Талғат Қайырғалиұлы «Көк тудың желбірегені», аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Айзада Сейітова «Жақсы адамдарым» әнімен көрмермен ықыласына бөленді. Қ. Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы Темірлан Сыралиев Құрманғазының «Байжұма» күйін тарту етті.
Кеш соңында «Рәміздер елдің бойтұмары» кітап көрмесімен Саят Ермекқызы таныстырып, библиографиялық шолу жасады.
Ақерке Ғабдуллина,
Жаңақала ауданы