Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үй өртеніп, үйде қалған бес бала ауруханада көз жұмды.

Өрт бүгін сағат 15:03-тер шамасында болған. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше үйдегі заттар мен жиһаз өртенген. Өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.
"Өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан балаларды үйден алып шығып, жедел жәрдемге тапсырған. Жедел жәрдем аудандық ауруханаға бес баланы жеткізді. Бірақ балаларды құтқару мүмкін болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өртеніп кеткен бес баланың үлкені 5 жасар. Ал ең кішісі 2 жасар.
Жанат Көшкінбай,