4.06.2025, 23:00
Оқылды: 120

Жаңақала ауданында рәміздер күні аталып өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты салтанатты шара өтті.

image-04-06-25-08-24

Жаңақазан ауылының аумағында орналасқан 51809 Әскери бөлімінің сарбазы салтанатты түрде Ту мен Елтаңбаны кіргізгеннен кейін, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмарға сөз беріліп, құттықтау лебізін жолдады.

Жиынға жиналған мемлекеттік рәміздерін тұмардай қасиет тұтқан халықтың қарасы қалың болды. Әрі қарай, аудан өнерпаздарының сазды бағдарлама ұсынып, көрермендер қошеметін аямады.

«Ұлттың үні – рәміздер» атты поэтикалық компазиция көптің көңілінен шығып, кеш Махамбет Нұрахметовтың орындауындағы «Алаш айбары» әнімен өз мәресіне жетті.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале