5.06.2025, 11:15
Оқылды: 260

Әлімханұлының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) келесі қарсыласы болуы мүмкін боксшының есімі аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

b913799b-692e-4d2a-85c1-423a0f4c3166

Фото: baq.kz

Ол WBA рейтингінің көшбасшысы, кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) болуы мүмкін. 27 жастағы боксшы кәсіпқой рингте көп айқаспағанымен, өз салмағында кез келген боксшыға қауіпті қарсылас ретінде танылып үлгерген. Сонымен қатар, ол орта дивизион рейтингінде жоғары орындарға ие.

Оның промоутері Луис Де Кубас Әлімханұлымен жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Эрнандестің командасы жақын арада WBO басшысы Густаво Оливьеримен кездеспек, ал қазақстандық - осы ұйымның чемпионы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале