5.06.2025, 16:45
Оқылды: 166

БҚО әкімі қаза тапқан балалардың отбасына барды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданының Жымпиты ауылына барып, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты.

WhatsApp Image 2025-06-05 at 17.22.52
Бұған дейін айтылғандай, облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді.

Айта кетейік, Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үй өртеніп, үйде қалған бес бала жанып кеткен еді.
Өрт бүгін сағат 15:03-тер шамасында болған. Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 пультіне Сырым ауданы, Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан кейін келді. Келгеннен кейін үйде 30 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жеке заттар мен жиһаз жанып жатқан.

Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке орай, балалар ауруханада қайтыс болды.  Өрт толығымен жойылды.
Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы, зерттеу-сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологі барды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале