6.06.2025, 17:00
Оқылды: 168

Батыс Қазақстанда суға батқан 560-тан астам киіктің өлексесі жойылды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы аумағында киіктердің Сарыөзенге батып өліп жатқаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Изображение WhatsApp 2025-06-06 в 16.33.16_b71fa7c1

Фото: жергілікті тұрғындардан
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға Қараоба ауылдық округіне қарасты Әбдіреш қыстағы маңында болды.

Сол қыстақ тұсында 157 бастай киік өлексесі суда қалқып жүр.

- Басқа жерлерден де киік өлекселерін көруге болады. Мал су ішіп жатыр. Ол өз алдына, Бостандық сияқты ауылдар тазарту құрылғылары арқылы Сарыөзеннен су алып, тұтынады. Мұндай судан адамдардың денсаулығына қауіп төнбесіне кім кепілдік бере алады? Сондықтан судың құрамын толық зерттеу қажет, - дейді тұрғындар.
БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов оқиғаны растады.

- Хабар бүгін түсті. «Бөкейорда» табиғи резерватының басшылығына айтылды. Арнайы топ барады. Бұл бірінші оқиға емес, өткен аптада сол аймақтан суға батқан 562 бас киік өлексесі жойылды. Киіктер өзеннен әрлі-берлі өткенде шыға алмай қалып тұр, - деді Kazinform тілшісіне инспекция басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале