7.06.2025, 15:00
Оқылды: 133

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

IMG_3842

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Ілияс Әзізов 13.933 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале