10.06.2025, 11:00
Оқылды: 219

Оралда «Жайдарман» ашық лигасы өтті

2025 жылдың маусым айының алғашқы жартысында Орал қаласында ерекше көңілді әрі әсерлі шара – Батыс ашық лигасының 1/8 ойындары өтті. Бұл жастарға арналған мәдени жобаны БҚО Қоғамдық даму басқармасы  мен «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы ұйымдастырды.

6ce8e48506ca0d75889128f31b2fcf9f_1280x720

Жалпы маусым басталғалы 35-ке жуық команда тіркеліп, олардың ішінен 14 команда 1/8 финалдық кезеңде өнер көрсетті. Бұл кеш – тек сайыс емес, шығармашылық пен әзілдің, достық пен бірліктің көрінісі болды.

Командалар түрлі жанр мен стильде әзіл ұсынып, қоғамдағы өзекті тақырыптарды шебер жеткізе білді. Сахнада жастар өздерінің актерлік шеберліктерін, тапқырлығын, және командалық үйлесімділіктерін көрсетті.

Кеш бойы көрермендер күлкіге қарық болып, ерекше атмосферада уақыт өткізді. Әр команда өзінше ерекше дайындықпен келген: бірі – әлеуметтік сатирамен, енді бірі – жарқын образдармен және заманауи тілмен көрініс қойды.

Қазылар алқасы командалардың ой ұшқырлығы мен қойылым сапасына жоғары баға беріп, әділ шешіммен 10 үздік команданы келесі 1/4 кезеңге өткізді. Бұл командалардың нақты тізімі ресми парақшаларда жарияланады.

Ойын барысында өзінің ерекше шеберлігімен көзге түскен «Жұдырық» командасының мүшесі Сырым Саян «Үздік ойыншы» атанып, «QARA Bala» киім дүкені ұсынған 30 000 теңгелік сыйлық сертификатына ие болды. Бұл марапат оның сахнадағы батылдығы мен харизмасының әділ нәтижесі болды.

Ұйымдастырушылар "QARA Bala" дүкеніне қолдау білдіргені үшін шынайы алғыстарын жеткізді. Мұндай демеушілік жобалар жастардың өнерге деген ынтасын арттырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

24c71a7908de252618519e4a3d5496c0_1280x720

Батыс ашық лигасының келесі кезеңдері одан да қызықты өтеді деген сенім мол. 1/4 финал – жаңа әзілдер, жаңа есімдер және жарқын бәсекеге толы болады. Бұл жолы қатысушы командалар дайындықтарын одан әрі күшейтіп, көрермендерді тағы да тәнті етуге әзір.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале