10.06.2025, 12:00
Оқылды: 171

Жұмыс берушілер жарақаттануға, әсіресе адам өліміне алып келетін жағдайларды болдырмайтын еңбек қауіпсіздігін, автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз етуге міндетті — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын толық цифрландыру мәселелері қаралды.

6b430e7e-64a7-4481-8c6d-af458a66fb32

Сурет: telegram.org

Отырыс барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбек адамының беделін арттыруға қатысты нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Олжас Бектенов өндірісте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі басты назарда екеніне тоқталды.

«Адам өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Сондықтан еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне негізделуі керек. Мемлекет басшысы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешуді нақты тапсырды. Ерте ескерту және хабарлау жүйелері апат қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жазатайым оқиғаларды азайту үшін жұмыс берушілер жарақаттануға, әсіресе адам өліміне алып келетін жағдайларды болдырмайтын еңбек қауіпсіздігін, автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз етуге міндетті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале