Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Көлтабан және Құрсай елді мекендеріндегі медициналық пунктер күрделі жөндеуден өтіп, ауыл халқы қуанышқа кенелді. Қос нысанның жөндеу жұмыстарын мердігер «Символ» ЖШС жүргізген.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және Тұңғыш Президент күніне орай аталған ғимараттардың ашылу салтанаты өтті.
Жиынға келген ауыл тұрғындарының көңіл-күйі шат-шадыман. Екі медициналық пунктің де ашылу рәсіміне аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып, жергілікті халықты қуаныштарымен құттықтады.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев және аталған елді мекендердің тұрғындары атынан Мәрияш Молдамұратова мен Серікқали Жұбанышев сөз сөйлеп, нысандардың жаңа сипатқа ие болуына мұрындық болған облыс, аудан басшыларына және жөндеу жұмыстарын жүргізген «Символ»ЖШС жетекшісі Есқайыр Елемесовке ризашылықтарын жеткізді.
Лента қию рәсімдері өткен соң, ашылу салтанатына жиылған жұртшылық ғимараттың ішін аралады.
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz