Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді, деп жазады kaz.inform.kz.

Сурет: kaz.inform.kz.
Елорда әкімдігі мәліметінше, құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті. Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі.
Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
– LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз, — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.