Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы ардагерлері ұйымының төрағасы Лавр Хайретдинов Теректі ауданына келді. Ондағы ардагерлер кеңес мүшелері, ауылшаруашылық саласының мамамандары, және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Аталмыш жиналысты Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров ашып, келген қонақтарды таныстырды. Бүгінгі жиынның басты тақырыбы - Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы ардагерлері ұйымы өңірдің агроөнеркәсіп саласының тарихын кеңінен қамтитын энциклопедияны басып шығару.

"Туған өлкенің маңыздылығын алға тартып, ауылшаруашылығы саласының бойынша елдің тынысы мен дамуына көптеген адамдарлың еңбегі бар. Міне, осындай еңбек адамдарын жүйелеп, бір кітапқа еңгізуіміз қажет. Қазіргі таңда біраз жұмыстар атқарылуда. Ақпараттарды реттеп, энциклопедия дайындау бағытында журналистердің де қажырлы еңбегін керек етеміз. Орал қаласынан ауылшаруашылық музейін ашу да жоспарладық. Қазіргі таңда жәдігерлер жинақталуда. Бүгінгі сіздің ауданға келгендегі мақсатымыз да айқын. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша аталған энциклопедияға Теректі ауданы әкімдігі барынша дайындап қойған екен. Бұлда үлкен шаруа деп білемін. Тағы бір айта кететін жәйт, бүгінгі жиынға шаруа қожалық басшыларының көптеп келгендігі қуантады", - деді Лавр Хайретдинов.

Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы ардагерлері ұйымы төрағасының қолға алған шаруасын жиналған қауым қолдайтындығын және келер ұрпаққа тарих болып қалатындығына қуанышты екендігін атап өтті. Жиында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы бастаманың орынды, әрі қолдауға дайын екендігін алға тартты.
Т. Әнуарұлы
Теректі ауданы