13.06.2025, 11:45
Оқылды: 120

Казталов ауданында 60 орындық мектеп салынуда

Биыл наурыз айында Казталов ауылдық округіне қарасты Қоныс елді мекеніндегі 60 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды.

IMG20250611113141

Қазіргі таңда мектеп қабырғалары қаланып біткен. Құрылыс жұмыстарына қажетті жабдықтар да уақытылы жеткізіліп, жұмыс күші де артқан. Тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының өкілдері де мердігерден құрылыс талаптарының сақталуын талап етіп, қатаң бақылап отыр.

IMG20250611112442
Біз арнайы Қоныс ауылына барып, жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып қайттық. Құрылыс нысаны орын алған аумақ қоршалып, барлық жұмыстар қарқынды атқарылуда. Құрылысқа жауапты — «Smartech» ЖШС.

IMG20250611112503
Құрылыс нысанының басында бізбен тілдескен мердігер мекеменің учаскелік шебері Исатай Нұрмұханов айтуынша, құрылыс жұмыстарына 50-ден астам құрылысышы қатысуда. Жергілікті ауыл тұрғындары да жұмысқа тартылған. Барлық құрылыс материалдары уақытында жеткізіліп, құрылыс жатыр екен.
Бүгінгі таңда болашақ мектептің қабырғалары қаланып, төбесі плитамен жабылып жатыр. Біз мектеп ғимаратының ішін аралап көрдік. Жобадан тайқымаған мердігер құрылыс жұмыстарының 50 пайызына тәмам бітірген. Мектепте заманауи спорт залы, акт залы, мәжіліс залы және сыныптар арнайы кәріз, су жүйесімен қамтылады. Барлық санитарлық талаптар сақталмақ. Мұнымен қоса, мектепте бүлдіршіндерге арналған шағын орталық та салынуда.

IMG20250611112703 (1)
— Біздер жобалық сметаға сай мектеп құрылысын наурыз айында бастадық. Жобадан ауытқу, жұмыс кестесінен қалу жоқ. Жұмыс күші де жеткілікті. Қаражат та уақытында бөлініп жатыр. Қазіргі уақытта мектеп ғимаратының төбесін жауып, ішкі жұмыстарды бастадық. Терезелер де келіп тұр. Авторлық, техникалық қадағалау тиісті деңгейде жүргізілуде. Бәрі талаптарға сай жасалуда, - деді Исатай Нұрмұханов бізбен әңгімесінде.

IMG20250611112248
Өзіміз барып көргендей, Қоныс ауылындағы жаңа мектептің құрылысы қарқынды. Мердігер мекеме осындай қарқынмен әрі сападан таймай жұмыс жасаса, жаңа оқу жылына жаңа мектеп есігін айқара ашпақ. Бәрі де халық игілігі үшін.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале