14.06.2025, 17:00
Оқылды: 137

Ауыл әкімі қызметінде – нар көтере алмас жүк бар

Егемен еліміздің қарыштап дамуына ар-ожданы таза, жеке басының мүдесінен елінің елдігін бірінші кезекке қоятын нағыз мемлекетшіл тұлғалар көп жағдайда оңай табыла (кездесе) қоймайтыны белгілі. Ғайыптан тайып, ондай отаншыл, елшіл әкімдердің қатары ауылдық жерлерден табыла қалса, онда ол елді мекеннің шын мәнінде бағы бар деп қуана айта аламыз. Өзінің біліктілігімен, адал қызметімен жергілікті халықты сүйсіндіретін әкімдер қатары жоқ емес, әр ауылда бар. Бірақ, ондай тұлғаларды әкімдік қызметке әкелу жолдары сәл күрделірек.

IMG-20250614-WA0015

Сондықтанда соңғы жылдары ауылдық округ әкімдерін жергілікті халық өздері сайлап алып жүр. Сайланған әкімнің жергілікті жердегі жетістіктері көп болады. Ел аузындағы әңгімелерге құлақ түрсек, білікті әкім, үздік ұйымдастырушы сол жердегі халықтың шынайы жанашыры бола алады. Олар әкім болған кезден бастап, ел игілігі үшін елмен бірге жұмыстануға тырысады. Ауылды жетістікке жеткізуге ұмтылатын әкімнің ықпалы осындай пайдалы істермен бағаланады. Күнделікті өмірде әкімдік қызметтің қызығы мен қиындығы алмасып, қатар жүретіні де сондықтан.

photo-output

Біз, әңгімемізге арқау еткелі отырған Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Арман Алдабергенов өзінің қызмет еткен мерзімі ішінде қанша жерден қиын болса да, жергілікті халықпен ортақ тіл табысып, жемісті еңбек етті деп есептейміз. Ол өзі әкім болып сайланған 2021 жылдың шілде айы мен 2025 жылдың маусым айы аралығында Жаңажол ауылдық округі бойынша көптеген игі істерді қолға алып, Әбіш ауылында шағын футбол алаңын салуға, Байжиен құдығы мен Жаңажол, Әбіш ауылдарындағы балалар алаңын қоршауға, 2022 жылы сессиядан қаржы бөлініп Жаңажол ауылына ұялы байланыс мұнарасы тұрғызылып белайн, актив желілері мен Әбіш, Таңат, Көмекші елді мекендерін газ жүйесіне қосып, Жаңажол ауылындағы мұнараны қоршауға, Ақкөл (Сакрыл) көліне су толтырып, тал-теректер егуге, 2023 жылы Қараөзен өзенінен Мәнти бөгеті арқылы Көмекшіге канал қаздырып, Көмекші мен Әбіш ауылдары арасына көтерме жол соғу мен Әбіш, Көмекші елді мекендеріне «Актив» желісін іске қосуға, Жаңажол ауылындағы ауыз су қондырғысын модернизациядан өткізуге, 2024 жылы Әбіш, Таңат елді мекендеріне электр жүйесін толық айырбастауға, Жаңажол ауылындағы Қарасу, Махамбет көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) мен Қарасу көлі үстіне 60 метр жаяу жүргіншілер көпірін салуға, Әбіш, Көмекші, Жаңажол ауылдарында ҚТҚ полигондарына ресми құжат рәсімдеуге, Әбіш, Көмекші елді мекендеріне техникалық су тартуға, Жаңажол ауылына екі пәтерлік үш, Әбіш ауылына екі, Көмекші ауылына бір үй салуға және қаладан ауылға бағдарламасымен үш жанұяны көшіріп әкелуге кеңінен жұмыстанып, Жаңажол ауылындағы үлкен саябақты қоршатты.

IMG-20250614-WA0017

Ал, жергілікті тұрғындар мен ауыл түлектері арқылы іске асырылған Рухани жаңғыру бағдарламасы туралы айтар болсақ, Әбіш ауылы бойынша көше шамдары, ту тұғыры, қазақ радиосы, «Менің жүрегім Әбіш» компазициясы орнатылып, ауыл ішіндегі Кеңес кезінен қалған тұрмыстық қалдықтар тазартылды. Көмекші ауылы бойынша 1941-1945 жылдардағы ардагерлер тақтасы, ойын алаңы, сахнасы бар шағын саябақ, «Көмекші ауылы» деп жазылған жол композициясы орнатылды.

Жаңажол ауылында ту тұғыры, 1941-1945 жылдардағы «Боздақтар» белгісі, кіреберіс жолдарға жарық шамдар, екі жақ кіреберіске «Жаңажол» атауы жазылған аркалар, субұрқақ, стрит воркаут, балалар ойын алаңына өрнектас төсеу, алаңға ойын құралдарын алу, мектеп алдына орындықтар қойып, айналасын жарықтандыру, саябаққа қақпа жасап, жаяу жолдар, орындықтар, ескерткіш тақталар орнатылып, елді мекендер мен округ орталығындағы зираттар қоршалды.

-Сайланған күннен бастап, Жаңажол ауылдық округінің әкімі  қызметін атқарып келе жатқан Арман Алдабергенов өзінің қызмет еткен мерзімі ішінде қиындыққа мойымай, жергілікті халықпен ортақ тіл табысып, жемісті еңбек етті. Ол  әкімдік қызмет еткен жылдар аралығында Жаңажол ауылдық округі бойынша көптеген игі істерді қолға алып, нәтижелі жұмыстардың уақытылы жүзеге асуына бір кісідей атсалысты. Арман Болатұлының қажырлы еңбегін ауылдастары жақсы біледі. Ол қашанда уақытпен санаспай, жергілікті тұрғындармен тіл табыса жүріп, ауылдың әлеуметтік тұрмысын жақсартуда білімі мен тәжірибесін сарқа жұмсады. Алдағы шілде айында округіміз бойынша ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Ол сайлауға Арман Болатұлы үміткер ретінде тіркелмеген екен. Сондықтан оған ауылдастар атынан ел алғысын жеткізіп, болашақ өміріне тек сәттілік тілейміз, - дейді Жаңажол ауылының тұрғыны, абыз ақсақал Нағым Ризуанов.

Ауыл әкімі қызметінде — нар көтере алмас жүк бар екенін естен шығармай, ауыл болашағы жолында бірлігімізді бекемдей білейік, ауылдастар!

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале