16.06.2025, 16:00
Оқылды: 148

Жаңақалада отбасылық сайыс өтті

Әкелер күніне орай, Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі әке мен бала арасында отбасылық сайысын ұйымдастырды. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау.

d2718d99-f6c3-4320-9fce-944be310e87b (1)

Шараның шымылдығын мекеме әншісі Талғат Бисенғалиевтің орындауында «Менің әкем алтын адам» әнімен ашқан соң жарысқа қатысушы үміткерлер  ортаға шақырылды.

Жеке тоқталар болсақ, №3 ЖОББ мектебінің ұстазы Данияр Мұратұлы мен ұлы Мұрат Ибрахим, «Сичим» құрылыс компаниясының шебері Бауыржан Ислямов пен ұлы Әли Ахмет, №3 ЖОББМ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Аңсар Молдағалиев және ұлы Айсұлтан Сырлыбай,  сондай-ақ  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов пен қызы Інжу Ғұбайдолла. Таныстыру, «Таны да тап!», «Әке – шешен», «Шебер қолдар»,  Ұлттық ойын - садақ ату секілді бес бөлімнен құралған додада әке мен баланың өзара татулығы мен ұлттық дәстүрлерге деген құрметі сыналды. Қатысушылар бірінші кезекте отбасындағы ынтымақты көрсетіп, өнерлерін паш етіп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

2580fd80-f6a1-4bc1-be2d-80b4a2b31bc5 (1)

Қызықты өткен тәлімді шара соңында кітапхана жүйесінің басшысы Дина Даниярқызы мерекелік құттықтауын жолдап, қатысушы отбасыларды марапаттады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале