16.06.2025, 16:15
Оқылды: 105

Қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін

Республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

жп орал, торговый дом, улица3

Бұл туралы Қазгидромет жазды.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін, күндіз 25-35 градустан 20-31 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градустан 30-38 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале