17.06.2025, 22:00
Оқылды: 103

Сырымдық мемқызметкер ел чемпионы атанды

Тағы бір медальдың сыңғыры Өскемен жақтан естілді.

PHOTO-2025-06-16-23-01-37

Ертіс жағасындағы шаһарда жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында республикалық спартакиада бастау алды.

Батыс Қазақстан облысының намысын қазақ күресі бойынша сырымдық Темірлан Ғаббасов қорғады.
Ол 82 келі салмақ дәрежесі бойынша барлық белдесуді өз пайдасына аяқтап, ел чемпионы атанды.
Өскемен бозкілемінде 4 белдесу өткіздім. Іріктеу турында Түркістан палуанымен жолықтым. Онымен былтыр финалда кездесіп едік. Менің бар дайындығым Маңғыстау облысының үміткерін жеңгу кетті. Таныс қарсылас, осал емесін білетінмін. Ақтөбелік палуанды айқын басымдылықпен ұтқаннан кейін финалға жол ашылды, - дейді чемпион.
photo-output
Қызықтың бәрі финалда болған. Темірлан финалдық кездесуді 30 секундта аяқтады.
Айта кетейік, Темірлан Ғаббасов бүгінгі таңда Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор болып қызмет етеді.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале