18.06.2025, 10:30
Оқылды: 336

Сырымдық садақшы ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Кәсіпқой садақшы, Жымпиты ауылының тумасы Мұрат Лұқпанов республикалық чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. 

PHOTO-2025-06-17-01-19-03

Аталмыш додада 18 өңірден келген мергендер бақ сынады. Жалпы саны 230-ға жуық қатысушы – оның ішінде 150 ер адам мен 80-ге жуық нәзікжанды спортшы – бұл байқаудың ауқымын кеңінен көрсетті. Осындай мықтылардың арасынан суырылып шығып, дәлдігімен дараланған Мұрат Лұқпанов елдің мерейін үстем етті.

Ол нысананы 70 шақырымнан көздеуде мүлт кетпей атқан оғын дарытты. Мұрат Лұқпанов бұған дейін де бірнеше республикалық жарыстарда топ жарып, шеберлігімен танылған. Ол туралы біздің газет бетінде мақала жарияланып, елге үлгі қылғанбыз.

PHOTO-2025-06-17-01-19-03 (1)

Айта кетелік, Батыс Қазақстан облысы құрамында Мұраттан бөлек сырымдық Гүлайым Лұқпанова, Сырлыбай Ғалымжанов, Закира Жолсарина секілді садақты серік еткен жандар өнер көрсетті.

Қоңдыкер Елеуов, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале