Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі Қамқоршылық кеңес отырысынан кейін өңір басшысы Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Кейіпкерге 25 сұрақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Бұл жобаның мақсаты – зияткерлерді облысымызға танымал, ісімен үлгі-өнеге болатын жандармен кездестіру арқылы тұлғалық-көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Еркін форматтағы кездесуде зияткерлер Алтай Сейдірұлына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Шара барысында көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сүйікті кітап және тұлға, шетелде білім алған жастардың елімізге қайта оралуы және мемлекет алдындағы жауапкершілік, сын және оның тұлғаны дамытуға әсері туралы әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында 11 сынып оқушысы Диана Жұмабаева облыс әкіміне өзінің «Арман қала - Астана» деп аталатын төл туындысын сыйға тартты.
НЗМ баспасөз қызметі