19.06.2025, 17:30
Оқылды: 389

Білім шыңын бағындырған үздіктер ​

Мектеп қабырғасындағы он бір жылдық қажырлы еңбек пен табандылықтың нәтижесі – «Алтын белгі» белгісі. Бұл марапат – оқушының үздік білімін, үлгілі тәртібін, жан-жақты дамуын дәлелдейтін ең жоғары бағалау.

image-19-06-25-04-27-4

Жыл сайын еліміздің мыңдаған шәкірті осынау мәртебелі белгіні иелену үшін бар күш-жігерін салып, тер төгеді.

image-19-06-25-04-27-3

Биылғы оқу жылында ауданымыз бойынша 146 оқушы мектепті аяқтаса, соның 13-і «Алтын белгі» белгісінің иегері атанып, ауданымыздың абройын арттырды.

image-19-06-25-04-27-5

Осы орайда бүгін аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов «Алтын белгі» иегерлерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын қабылдады. ​Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Бекбауұлы:​

- Құрметті «Алтын белгі» иегерлері, ардақты ата-аналар мен ұстаздар қауымы. Бүгін сіздер үшін ерекше, тарихи күн. Мектеп қабырғасында алған білімін зор табыспен аяқтап, ел үмітін ақтаған түлектерімізді шын жүректен құттықтаймын. «Алтын белгі» білімнің ғана емес табандылықтың, тәртіптің, еңбекқорлықтың белгісі. Бұл марапат – жылдар бойы төгілген маңдай тердің, төзімділіктің, алға қойған мақсатқа адалдықтың жемісі. Сіздер біздің болашағымыз, ел ертеңі. Отанымыздың дамуына сүбелі үлес қосатын, мемлекетіміздің жарқын келешегін қалыптастыратын азамат боларыңызға сенімдіміз. Құрметті түлектер, біліммен қаруланып, ар намысты ту етіп, қай жерде жүрсеңіздер де туған жерлеріңізге абырой әкеліп жүріңіздер. Ақ жол, жарқын болашақ тілеймін. Сонымен қатар аталған оқушылардың ата-аналары мен ұстаздарын да құттықтаймын. Себебі бұндай жетістікке жетуге сіздердің де үлестеріңіз зор. Түлектеріміздің жолдары әрқашан ашық болып, алға қойған арман-мақсаттары орындалсын, - деп оқушыларға «Алтын белгі» белгісін кеуделеріне тағып, естелік сыйлық табыстап, сәттілік тіледі.​

image-19-06-25-04-27-2

«Алтын белгі» иегерлерін атап өтсек, Т.Жароков атындағы орта мектебінің түлектері Нұрхан Қарашев, Жұлдызай Сайын, Әлия Меркен, №1 мектеп-лицейінің түлегі Алсу Есенова, Х.Халиуллин атындағы орта мектебінің түлектері Жансәуле Мұхтар, Сәбина Қанат, Ө.Сахипов атындағы орта мектебінің түлектері Аруна Хамит пен Дастан Ерсай, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінің түлектері Жанайым Төлепқали мен Ақерке Қанат, М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің түлегі Қайрат Сұңғат, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінің түлектері Әсем Әбдірахманова мен Айдана Мәжитова атанды.  ​

image-19-06-25-04-27

Сонымен қатар аудан басшысының атынан түлектердің ата-аналарын да назардан тыс қалдырмай алғысхат табыстады.​Өз кезегінде ата-аналар мен оқушылар сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.

Бану Берікқали,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале