20.06.2025, 9:15
Оқылды: 305

Жаңақалада «Өнер Fest» фестивалі бастау алды

Жаңақала аудандық «Тәуелсіздік» саябағында  аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасында «Өнер Fest» өнерлілер фестивалі басталды.

image-20-06-25-08-05-2

Фестиваль барысында сондай-ақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Ұлт  рухы – ұрпаққа мұра», «Ұлттық ойын ұрпаққа аманат», «Жаңа технологиялар - жетістіктер бастауы» атты бағдарламалар да қарастырылды. Сөз алған аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлының құттықтауынан кейін, Жаңақазан, Бірлік ауылының көркемөнерпаздары «Өнер – елдің жаны, халықтың мұрасы» атты концертін көпшілікке ұсынды.

image-20-06-25-08-05-1

Ауа-райының қолайсыз болғанына қарамастан сазды кешке жиналған халықтың қарасы қалың болды. «Ақ әжелер» және «Алқоңыр» ансамбльдері жиналған жұртқа шашу шашып, «Ақтұмар» келіндер ансамблі шараның шымылдығын әуезді әнмен ашты. Сәулеті мен дәулеті келіскен ауылдардан келген өнерпаздар көптің көңілінен шығып, көрермендер өз қошеметін аямады. Өз елі мен жерінен шыққан даңқты ақын-жазушылардың сөзіне жазылған әндерді шырқап, өнерліге қошеметін, өнегеліге батасын берген мерейлі мекендерін бір асқақтатып қойды.

image-20-06-25-08-05

Сондай-ақ, спорттық ойындар ойнатылып, балмұздақтар мен дәмі тіл үйірер тәттілер де сатылды. Мерекелік кеш соңында Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Болатұлы мен Бірлік ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Аманкелді Талғатұлы сахна төріне шығып, ақжарма тілектерін арнады. Ауыл рухының асқақтығын паш еткен сахна саңлақтарының дүбірлі кеші осылайша өз мәресіне жетті.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале