Бұл биылғы жылдың бес айында тіркелген жағдай.

Сурет: istockphoto.com
- Ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп отыр. Ауырған балалардың барлығыда екпе алмаған балалар екені анықталды,- деп толықтырды өз сөзін БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Осы аурудың алдын алу үшін әр түрлі себептермен екпе алмаған 3200 балаға екпе жасалған.
- Көкжөтел ауруы вакцинамен басқарылатын аурулардың қатарына жатады, ауырған балалардың барлығыда ауруға қарсы екпе алмағандар. Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын, ауа – тамшы жолымен жұғатын, спазмды ұстамалы жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру. Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас келеді. Әдетте дене қызуы қатты көтеріліп, қалтырап, бас ауруы, бұлшық еттердің әлсіздігі, мұрын білетуі т.б белгілері байқалады, - деп атап өтті БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Көкжөтелге қарсы екпе баланың 2, 3, 4 айлығында немесе 18 айлығында жүргізіледі.